Блогермен кездесу

Блогермен кездесу

  "Ашық диалог" және "Жаңа Қазақстан" бағдарламасы аясында ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының базасында Департамент бастығының орынбасары Дмитрий Титов 121000 - нан астам жазылушысы бар  - "osaukavko" Instagram парақшасының блогерімен кездесті.

Дмитрий Титов блогердің сұрақтарына жауап берді.

  - Біздің облыста жоғары қабатты үйлерде өрттерді сөндіруге қабілетті техника жеткілікті ме? Егер жоқ болса, мәселені болдырмау үшін не істеу керек?

Шығыс қазақстан облысы гарнизонында қару-жарақта 386 өрт сөндіру техникасы бар, оның ішінде 220 бірлік негізгі, 34 бірлік арнайы және 132 бірлік қосалқы маңызы бар. Биіктігі 11 және одан да көп қабатты ғимараттарға келетін болсақ, облыс бойынша 51 ғимарат бар, олардың 37-сі Өскемен қаласында және 14-і Семей қаласында.

Жоғары қабатты ғимараттарда (50 метрге дейінгі биіктікте) өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін осы жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өрт автосатылары мен автоколенчатты көтергіштер пайдаланылады, бұдан басқа, жеке құрамның есебі бар, өрт сөндіргіш заттарды 20-қабатқа дейін бере алатын автоцистерналар сөзсіз қолданылады.

Жоғары қабатты ғимараттарда АҚЖ орындауға арналған техника пайдаланылады, бірақ қала тұрғындарының аулалары мен кірме жолдарына автомбильдерін қойып тастауы себепті оны үйлерде орналастыруға әрдайым мүмкіндік бола бермейді.

Анықтама үшін:Өскемен қаласында 3 бірлік АЛ-30, 1 бірлік АКП-50, 1 бірлік АПК-32, Семей қаласында 3 бірлік АЛ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрақты негізде аумақтық бөлімшелерді өрт сөндіру автомобильдерімен, оның ішінде биік техникамен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізуде, соңғы үш жылда гарнизон 2 автосалонмен толықтырылды.

  ТЖ департаменті жыл сайын республикалық және жергілікті бюджетке бюджетті жасау кезінде биіктік техникасын сатып алу үшін өтінімдер береді. Қаражат бөлінуіне қарай Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны өрт сөндіру техникасымен толықтырылатын болады.

- Президенттің жолдауы аясында ШҚО ТЖД қызметі аймақ тұрғындары үшін қаншалықты ашық?

Күн сайын Инстаграм парақшаларына, Фейсбук парақшаларына, ШҚО ТЖД сайтына келіп түскен сұрақтар мен пікірлерге мониторинг жүргізіледі, дереу халыққа жауаптар мен ұсынымдар беріледі. ШҚО ТЖД базасында адалдық аланының фронт-офисі ашылды, оған өңір тұрғындары ТЖ қауіпсіздігі саласында сауалдарға жауап ала алады. Басшылықтың қабылдау кестесі ШҚО ТЖД сайтында орналастырылған. 57-01-44 сенім телефоны жұмыс істейді.

 

-Егер азаматтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен өрттерді сөндіру бойынша шағымдар болса, олар қайда жүгіне алады?

57-01-44 сенім телефоны жұмыс істейді.

Сондай-ақ, ШҚО ТЖД, Пртозанов 97/1 жазбаша өтінішімен.

- Жыл басынан бері ШҚО ТЖД түрлі ТЖ кезінде қанша адам құтқарылды?

2022 жылдың үш айында ведомстволық бағынысты бөлімшелер 145 адамды құтқарды, 315 адамды эвакуациялады, 72 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 1323 рет барған.

-Үәді су басқан кезде қайда хабарласуға болады? ЖАО не үшін жауапты және ТЖ қызметі не үшін?

112 бірыңғай нөмірі мен қала әкімдігінің 138 қалалық қызметіне. Құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстары және эвакуациямен айналысады. ЖАО тұрғын үйдің, көшелердің аумағына су келіп түскен жағдайда өтініш жасауға құқылы. Зардап шеккен халық үшін сыйымдылығы 11,9 мың адам болатын 111 уақытша орналастыру пункті дайындалған.

- ШҚО ТЖД күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңіне дайындығы қандай?

Жағдай күрделенген жағдайда ТЖД күштері мен құралдары, жеке құрамның 431 адамы, 78 бірлік техника, 30 бірлік жүзу құралы және 176 бірлік мотопомпа дайындыққа келтірілді

- Егер көрші жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзатын адам тұрса және тиісінше менің үйіме өрт қаупі бар болса, қалай әрекет ету керек және оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға бола ма?

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар кінәлі адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін азаматтық қорғаудың аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы.

"Азаматтық қорғау туралы" Заңның және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігін бұзудың нақты фактілері бойынша азаматтық қорғау органдары жоспардан тыс тексерулер тағайындайды.

Жүргізілген тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік іс-шаралар көзделген.

Тұрғын үйлердің аумағында от жағу (қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды жағу) фактілері анықталған жағдайда, куәгерлер бұл фактілер туралы жедел әрекет ету үшін өртке қарсы қызметке "101" немесе "112" телефоны бойынша хабарлауы қажет екенін қосымша хабарлады