Құтқарушылар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Құтқарушылар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Өскемендегі жалпықалалық сенбілікке ШҚО ТЖД құтқарушылары да қосылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып Аблакетка тұрғын ауданының аумағын тазалады.

         "Сенбілікке қатысу біздің Департамент үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды. Қала-біздің ортақ үйіміз. Біз оны тәртіпке келтіріп, барлық ұйымдар және қызметтермен бірігіп, пайдалы іс жасау керек деген ұстанымды қолдаймыз. Өйткені, біздің балалар сол аулада серуендеп, ойнайды. Қыс мезгілінен кейін қоқыс көп, адамдар өз еңбектерін бағалап, бұдан былай қоқыс тастамауын қалаймыз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.