
09 сәуір күні таңертең су көтеріліп, 2 үй мен 3 үй маңындағы аумақты су басты, 50-ден астам бас малды құтқарушылар қауіпсіз жерге көшірді, ал 16 тұрғынды оның ішінде 2-ін бала туыстарының үйлеріне орналастырды.Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар кептелістің пайда болу учаскесіне аэровизуалды мониторинг және тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша мұзды қопсыту мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.Барлығы 2347,5 кг жарылғыш заттар қолданылды. Жарылыс жұмыстарының жалпы ауданы 6067 ш. м. құрады.
20 сағат ішінде су деңгейі көтеріліп, үйлерге кіре бастады . Барлығы 8 үй су астында қалды, оның 6-ы тұрғын және 2-уі тұрғын емес.
Тұрғындар ШҚО ТЖД және ЖАО құтқарушыларының бақылауымен дереу үйлерінен көшірілді.
09-10 сәуір аралығындағы кезеңде барлығы 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуациядан кейін туыстарына орналастырылды. Мал қауіпсіз жерге шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдар қорғағыш жер үйіндісін салу бойынша жұмыстар жүргізді.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД жеке құрамының 69 қызметкері, 2 жүзу құралы, 11 мотопомпа және 8 бірлік техника, ЖАО-ның 20 қызметкері және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан үйлерден тонаушылық фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлерінің күштері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта ауылда су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жергілікті жерді әуемен аралап ұшып шығу жүргізілді-арнасы таза.ШҚО ТЖД күшімен су басқан аумақтардан суды сору жұмыстары ұйымдастырылды, үйлерден су кетіп қалды.2 тұрғын үйдің жертөлелері мен 3 аула аумағы ішінара су астында қалды. ЖАО күшімен суды бұру жүргізілуде.