Қәуіптілікті алдын алу.

Қәуіптілікті алдын алу.

Таулардағы қар жамылғысының тұрақтылығына әртүрлі факторлар әсер етеді: жауын-шашынның қарқындылығы (қар мен жаңбыр), желдің жылдамдығы, ауа температурасының ауытқуы, тау баурайының тік болу дәрежесі. Аталған  көрсеткіштердің бірінің өзгеруі, көшкіннің  түсу тәуекелі туындайды.
Көктемгі кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істейтін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары таулардағы жағдайды қадағалайды және қажет болған жағдайда профилактикалық түсулер жүргізеді. Тек Катонқарағай ауданында жалпы көлемі 70870 текше метр болатын 34 арнайы түсірулер жүргізілді.
Бүгінгі таңда облыстың таулы аудандарында қар әлі де көп, жекелеген көшкін жинағыштарда 40-тан 60 см-ге дейін, сондықтан "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастыруда.
Бүгін Берел-Рахман қайнары автожолының 3 учаскесінде 432-438 км-де 890 текше метр қар, ал Алтай ауданында "Алтай-Богатырево" автожолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді.
Біз 11 сәуірге дейін көшкін қауіпті екенін еске саламыз, сондықтан сіз тауға сапарлар мен жолға шығудан бас тартыңыз .
Егер сізге шұғыл қызметтердің көмегі қажет болса, "112"телефонына хабарласыңыз.