
Amanat партиясы фракциясының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстанға Парламент Мәжілісінің депутаттары келді.
Зарина Камасованың, Ерлан Саировтың, Еділ Жаңбыршиннің негізгі міндеті - қауіпті учаскелерді аралап, көріп шығу. Бірінші кезекте олар Белоусовка кентіндегі Глуботчанка өзеніндегі су қоймасына тексеру жүргізді. Мұнда бөгет штаттық режимде жұмыс істейді.
Өткізу қабілеті - 4,5 сек текше метр. Ашық үлгідегі тасқын суды шығарады.
Содан кейін су тасқынына қауіп төндіретін Прогресс және Предгорное ауылдарына барып қайтты, Глубокое ауданында көктемгі кезеңде қауіп аймағында тұратын 925 тұрғын үй және 2335 тұрғын бар.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Прогресс ауылында жаңа көпір салынды. Ол су өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жағдай шиеленіскен жағдайда ауданда жеке құрамның 50 адамы, 10 бірлік техникасы, 1 жүзу құралы, 34 мотопомпа құрамында ЖАО күштері мен құралдарының тобы құрылған.