Қыстың қорытындысы

Қыстың қорытындысы

2022 жылдың басынан бастап Риддер қаласының құтқарушылары түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 50 реттен астам шықты. Оның ішінде өрт және жану оқиғаларына - 30 шығу және авариялық-құтқару жұмыстарына-20 рет бару болды. Жылдар бойы пайда болған тұрғын үйлер, құрылыстар мен жеке мүлік жойылып, ішінара бүлінген.

Мысалы, 09.01.2022 жылы Семей көшесінде моншаның төбелік жабынының жануы орын алды.

23.01.2022 ж. Заречная көшесінде тұрғын үй мен жеке заттар өрттен зардап шекті.

02.02.2022 Ботаникалық көшесіндегі монша қайтадан өртенді.

13.02.2022 ж. Грибоедов көшесінде тұрғын үй ішінара зардап шекті. Және де тізіп ұзақ айта беруге болады, барлық осы өрттерді біріктіретін бір себеп - жылыту пешін орнату мен қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу.

Азаматтық қорғау қызметкерлері біздің қаламыздың тұрғындарымен ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жыл басынан бері 5000-ға жуық аулаларды аралап, адамдар көп жиналатын жерлерде 400-ден астам түрлі-түсті парақшалар мен жадынамалар таратылды. Халықпен үнемі жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар біздің қаламыздағы жағдайды жағымды түрде өзгертеді және апат тұрғындарын айналып өтеді деп үміттенеміз.

Риддер қаласының төтенше жағдайлар Басқармасы кезекті рет мұқият ойлануды және сіздің үйіңізде өрт қауіпсіздігінің барлық шаралары сақталғанын тексеруді сұрайды. Сіздің мүлігіңіз бен өміріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда.

Өрт болған жағдайда 101, 112 телефондары арқылы хабарласу қажет.