
2022 жылғы 5 сәуірде № 37 Жалпы орта білім беретін мектептің ата-аналар жиналысында Семей қ.ТЖБ МӨББ қызметкері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізді, оларды сақтау балалармен байланысты жазатайым оқиғалардың туындауын айтарлықтай азайтады.
Ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша 77 өрт тіркелді, олардың негізгі бөлігі жеке секторға тиесілі. Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті, оның ішінде 2 бала.
Көмірқышқыл газбен уланудың 19 жағдайы тіркелді, 20 адам зардап шекті, оның ішінде 8 бала, 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 1 бала. Оқиға ағымдағы жылдың 21 наурызында орын алды, көмірқышқыл газбен улану салдарынан 2009 жылы туған қыз қайтыс болды.
Өрт қауіпсіздігіне адамдардын азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсынымдарын және жеке санасын сақтаған жағдайда ғана қол жеткізіледі.
Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жоғарыда аталған қатерлерді болдырмау үшін барлық газ аспаптары мен жылыту пештерін дұрыс пайдалану қажеттігін ескертеді. Өйткені, олардың дұрыс пайдаланылмауы көбінесе ағып кетудің себептеріне алып келеді. Бірнеше қатаң ережелер бар:
Төтенше жағдай туындаған кезде дереу "101" немесе "112" нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз!