Алтай ауданында алдын алу жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды.

Алтай ауданында  алдын алу жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды.

ШҚО ТЖ департаментімен облыс әкімінің нұсқауы    бойынша су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіптерге ден қою және мониторинг жүргізу мақсатында Алтай ауданына ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 15 әскерилері  мен 2 бірлік техника жіберілді. Жіберілген күштер мен құралдар Зубовск кентінде су тасқынын бақылайтын 2 пост ұйымдастырды. Әскерилермен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заречный көшесінде 25 метр арық жүйелері мұздан тазартылды, Грязнушка өзеніндегі көпірдің асты ені 2 метр, тереңдігі 70 сантиметр тазартылды. Лазо көшесінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерден бастап ұзындығы 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйелерін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді.