ШҚО-да профилактикалық қар көшкінін түсіру жалғасуда

ШҚО-да профилактикалық қар көшкінін түсіру жалғасуда

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары «Өскемен – Самар» автожолында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Көлемі 1370 текше метр жиналған қар, 95-102 км учаскедегі 4 учаскеден түсірілді.

«Біздің бақылаушы-мамандар жұмыстың күшейтілген нұсқасына көшірілді, олар күн сайын көшкін жинақ жағдайына мониторинг жүргізіп, профилактикалық түсірулер жүргізеді.  Осы орайда, біздің азаматтарымызға дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды ескертеміз», -деп  Омар Дүзгімбаев-Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы.

 Қыс кезеңінің басынан бері облыста жалпы көлемі  129760  текше метр болатын 108 рет қар түсірілді, алайда кар көшкіні еңістерінің қиын учаскелерінде қар көшкінінің өздігінен түсуі жалғасуда.

ШҚО ТЖД мен «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары жаңбар түріндегі айтарлықтай жауын-шашынға және температуралық жағдайдың ұлғаюына байланысты, облыста 2022 жылғы 07 сәуірге дейін дауылды ескерту сақталатындығын хабарлайды.

Тұрғындарға жолға және тауға жорыққа шығудан бас тарту қажет. Өздігенен түскен қар көшкіні облыстың автожолдарына қауіп төндіреді, сондықтан да қауіпті ошақтардың қасынан өтіп бара жатқанда, аса мұқият болған жөн.

      Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.