Алтай ауданында қар көшкіні түсті

Алтай ауданында қар көшкіні түсті

Сәуірдің 4 күні 21 сағат 50 минутта Алтай ауданында "Алтай-Малеевск – Путинцево" аудандық маңызы бар автожолының 37 – шақырымында көлемі 50 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті, көшкін жолды толығымен жауып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ЖАО күшімен (3 қызметкер және 2 бірлік техника) жолды тазалау жұмыстары жүргізілуде. ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ (1 қызметкер және 1 бірлік техника), ТЖД (1 қызметкер 1 бірлік техника) жұмылдырылды.