
Зайсан ауданы Манапов көшесінде уақытша тұрақтау кезінде 1995 жылы шыққан "Мazda cronos" маркалы автокөлігі өртеніп, бөлшектері жанған. 25-ӨСБ өрт сөндірушілері 1 ш.м. өртті сөндірді.
Өскеменде Сарыарқа көшесіндегі жеке тұрғын үйде 5 шаршы метр алаңда төсек жабдықтары, ағаш жиһаз конструкциялары, жеке заттар жанып кетті, нәтижесінде 16 шаршы метр алаңда керілген төбе балқып, еріп кетті.
Звездный саяжай қоғамының аумағында тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылысының ағаш конструкциялары, төбе жабыны мен моншаның шатыры өртенді, жалпы ауданы 46 шаршы метр, сондай-ақ шаруашылық құрылысының ішінде 1 тонна көмір, 3 текше метр отын жанып кетті.
ШҚО ТЖД азаматтардың назарына 2022 жылдың басынан бері облыс аумағында 293 өрт болғанын жеткізеді. Олардың негізгі пайызы тұрғын үй секторында болады.
ШҚО ТЖД азаматтардан келесі ережелерге назар аударуды сұрайды:
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
- отпен абайсызда жұмыс істеуге жол бермеңіз
- есіңізде болсын, ешқандай жағдайда пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин және т.б.) қолдануға болмайды.
- автомобильдерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, салонда өрт сөндіргіш ұстаңыз, уақытында техникалық байқаудан өтіңіз.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.