
Өскемен қаласының Тракторная көшесінде тұрғындар күшіктің қыңсылаған дауысын естіген. Белгілі болғандай, ол құдыққа құлап кеткен. Адамдар көмекке ШҚО ТЖД құтқарушыларын шақырды. Оқиға орнына келген Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2,5-3 метр тереңдіктен дәрменсіз жануарды, ілмек- арқанның көмегімен олар күшікті қараңғы шұңқырдан алып шықты.
ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, жануарларды құтқару бойынша мұндай жағдайлар апта сайын болып тұрады. Көбінесе бұл биік ағаштарға өрмелеген үй мысықтары, үйсіз немесе қараусыз қалған жануарлармен болады.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.