
Қар көшкіні - елеулі зиян келтіруі мүмкін табиғи құбылыстардың бірі. Шығыс Қазақстанда қысқы кезеңде жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 100725 текше метр қар көшкінін 93 кәсіби түсіру жүргізілді. Бүгін «Өскемен - Северное-Алтай-Рахман қайнары шипажайы» автожолының көшкін қаупі бар учаскесінде 2555 текше метр қар түсірілді.
Айта кету керек, көшкіннің пайда болу процесіне қардың жер бетіне түсуі әсер етеді, қар кристалдарының пішіні мен мөлшері, беткі қабаттың пайда болу сипаты мен тығыздығы ауа температурасымен, желдің бағытымен және жылдамдығымен анықталады.
«Жалпы түрдегі көшкін қаупінің болжамы көшкін түсу орны мен уақытын көрсетуді қамтиды. Осы мақсатта қар көшкінін бақылау материалдары, көшкін қаупінің жанама белгілері пайдаланылады», - деп «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев атап өтті.
Облыста көшкін қаупі сақталады, сондықтан ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға көшкін қаупі бар автожолдарға және тауға шықпауға кеңес береді.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.