Қатты жел ғимараттың шатырын ұшырды

Қатты жел ғимараттың шатырын ұшырды

30 наурызда Шақаман ауылында 12 м/с жететін желдің салдарынан 195 ш.м. алаңда 2 қабатты әкімшілік ғимаратының шатыры бұзылды. 1986 жылы салынған ғимаратта Қазпошта, кітапхана, дәріхана орналасқан. Шатырдың жалпы ауданы 195 ш.м. құрайды. Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында  жергілікті атқарушы органдар комиссиясы жұмыс жасауда.
         ШҚО ТЖД халыққа алдағы желдің екпіні туралы алдын ала ескертті. 
          Құтқарушылар азаматтарға өте мұқият болуға, әлсіз бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамауға кеңес береді. 
Дауылды ескерту туралы Сіз "Дәрмен"мобильді қосымшасынан біле аласыз.
  Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлаңыз.