Қар көшкіні өздігінен жүріп кеткен

Қар көшкіні өздігінен жүріп кеткен

28 наурызда Катонқарағай ауданында 16-шы шақырымда жергілікті маңызы бар "Согорное-Барлық" авто жолында көлемі 600 текше метр қар көшкіні өздігінен жүріп кеткен, көшкін жолды толығымен жауып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарға 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар мен Қазселденқорғау қызметкерлері бірнеше күн бойы көшкін қаупі туралы алдын ала ескерткен болатын.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Құтқарушылар таратқан көшкін қаупі және автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты мұқият қадағалаңыз.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.