
Шығыс Қазақстанға көктем келді. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар дайындықты алдын ала бастаған. Жағдайды болжау үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
Бүгінгі таңда облыста қар қарқынды түрде еруде. Аумақтағы қар басқан аудан 85 пайызды құрайды. Қар биіктігі 1 см-ден (Тарбағатай ауданы) 133 см-ге дейін (Күршім ауданы - Марқакөл қорығы). Топырақтың еруі де байқалуда. Гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендер мен су қоймаларында мұздың ашылуы мен судың төмен деңгейі байқалуда.
Мұздың орташа қалыңдығы 80 см. Тасқын суларын қауіпсіз өткізуге көмектесуге мүмкіндік беретін Бұқтырма су қоймасында реттеуші сыйымдылығы 20 млрд 722 млн текше метр. Шүлбі су қоймасында – 611 млн текше метр, бұл Бесқарағай ауданы мен Семей қаласы елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыс аудандарында барлығы 108 су тасқыны қауіпті ықтимал елді мекен анықталды, онда 7682 тұрғын үй орналасқан және 23576 адам тұрады. ШҚО ТЖД мамандарының көпжылдық деректері бойынша су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай ауданы, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандары үшін жоғары.
Облыстың барлық қызметтерінің жұмысын күшейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Жұмыс топтары су тасқыны кезеңіне жергілікті атқарушы органдарға тексеру жүргізді. Барлық қауіпті учаскелер тексерілді. Су тасқыны салдарын азайту үшін іс-шараларды орындау бойынша ұсыныстар берілді және жұмыстар басталды. Өңірде күштер мен құралдар тобы құрылды: 1,5 мыңнан астам адам, 838 бірлік техника және 179 мотопомпа, 111 эвакопункт дайындалды. 431 адам жеке құрамы, 78 бірлік техникасы, 30 бірлік жүзу құралдары мен 176 мотопомпасы бар ШҚО ТЖД күштер мен құралдардың топтамасы құрылды.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 103,9 мың дана қаптар, 6,6 мың тонна инертті материалдар, 686,6 тонна - ЖЖМ дайындады.
Шығыс Қазақстанның аудандарында арық желілері мен ағынсу кәріздері тазартылуда. 6726 су өткізу құрылыстары, 834 көпір, жалпы ұзындығы 581,73 шақырымдай 686,5 арық пен арналар тазартылды.
Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде норма шегінде болады деп болжануда.
Су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындарға құтқарушылар аула аумағын қардан тазалау бойынша уақтылы жұмыстар жүргізуді ұсынады. Егер үйдің жанында арық, су құбыры ағса, онда оларды судың кедергісіз өтуіне дайындау үшін шаралар қабылдау қажет. Құбырдағы су қатып, арық қоқыспен бітеліп қалатындай жағдай жиі пайда болады. Үлкен су қаупі бар болса, дереу 112 нөміріне хабарлаңыз