ШҚО-да 694 000 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

ШҚО-да 694 000 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Өміржанов жылыту маусымы басталғаннан бері тұрғын үй секторында өрт саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 % - ға қысқарғанын хабарлады. Өрт салдарынан 22 адам қаза тапты, бұл өткен жылыту маусымына қарағанда 38% - ға аз.

Қаза тапқан азаматтардың арасында – 6 адам жұмысшы, тағы 6 адам зейнеткер болды; 6 адам – уақытша жұмыс істемейтіндер, әдетте, қоғамға жат өмір салтын жүргізді, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланды; 4 адам – жалғыз тұратын, халықтың әлеуметтік осал топтарының есебінде тұрмаған. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өлімге әкеп соқты.
72% жағдайда адамдардың қаза болуы отты абайсыз қолдану, тұтанудың ашық көзі, оның ішінде мас күйінде темекі шегу салдарынан орын алды. 4-те-электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзғаны үшін.

ШҚО ТЖД мамандарының деректері бойынша улы газбен уланудың жиі кездесетін себептері: бітелген түтіндік – 5 адам, жабық қалған жапқыш – 4 адам, пеш конструкциясындағы күйіктер мен жарықтар – 2 адам және тартқыштың болмауы (тазаланбаған түтіндіктің салдарынан) – 2 адам болып табылады.

Сонымен қатар, жылыту кезеңінің басынан бері улы газдан жарақат алған адамдардың саны 16% - ға азайып, 57 адамды құрады. Барлық жағдайларда улы газбен уланудың себебі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, мұржаларды мезгілсіз тазалау, жапқыштарды жабу, пеш конструкциясының тұтастығын бұзу болды. 

Соңғы уақытта жазғы коттедждер мен бау-бақша қауымдастықтарының аумағында өрт, көміртегі тотығымен улану жиі орын алуда. Азаматтар саяжай үйлерін өрт қауіпсіздігі нормаларын, талаптарын сақтамай, қысқы тұру нұсқасы үшін қайта жабдықтайды, бұл кейіннен жазатайым оқиғаларға әкеп соғып жатады.

Зардап шеккен адамдардың 29% - ы саяжай үйлерінде тұрып жатқан кезде улы газбен уланған, сондай-ақ тұрғын үй секторында тіркелген өрттердің жалпы санының 6% - ы жылыту кезеңінің басынан бастап саяжайларға тиесілі. 

Өрттердің жиі кездесетін себептерінің бірі отты абайсыз қолдану, бұдан әрі электр желілерін, электр жабдықтарын пайдалану кезінде, сондай-ақ пеш жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып қала береді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғау қызметкерлері күн сайын бүкіл жылыту кезеңі ішінде тұрғын үй секторы бойынша аулаларды аралайды. Бүгінгі күні жылыту маусымы басталғаннан бері 694 000 тұрғынды қамти отырып, 439 000-нан астам үй аулаларды аралаумен қамтылды. 101 593 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. ШҚО бойынша 8 172 тұрғын үй тіркелген, онда көп балалы, аз қамтылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты қарт азаматтар тұрады. Пештерді және үйлердің ішкі жағдайын тексеру барысында азаматтық қорғау қызметкерлері 3965 үйді анықтады, онда пештерді, электр сымдарын, тұрмыстық электр аспаптарын пайдалануға, эвакуациялау жолдарына, өртке қарсы аралықтардың болмауына және т.б. байланысты 5928 бұзушылық анықталды.  Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерді қайта аралау аяқталды. Бұзушылықтар барлық жерде жойылмайды, азаматтар өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған үйлерді пайдалануды жалғастыруда. Жойылмаудың себебі-өмір сүрудің әлеуметтік деңгейінің төмендігі, қаражаттың жоқтығы, пешті күрделі жөндеу және электр сымдарын ауыстыру.
Алайда, үй-үйді аралаудың бастапқы кезеңінде бұзушылықтар анықталған 3965 үйдің 1672-сі, дәлірек айтқанда, олардың иелері бұзушылықтарды жойды және бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 8 172 үйдің 2293-і қалып отыр, олар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылуда.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері жергілікті әкімдіктерге, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, сондай-ақ прокуратура органдарына анықталған бұзушылықтар және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары тұратын мекен-жайлары көрсетілген ақпараттық хаттар жіберді.
Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері меморандум аясында "Қазмырышком" ЖШС берген улы газ датчиктерін орнатуды аяқтады. Бүгінгі күні көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын пешпен жылытылатын үйлерде 1813 улы газ және түтін датчиктерін монтаждау жүргізілді.

Соңғы 5 жылда ШҚО ТЖД қызметкерлері ШҚО-ның 19 қаласы мен аудандарында 13 000-нан астам датчиктер орнатты, оның ішінде 7417 улы газ датчиктері, 5997 табиғи газ, 30 түтін.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда және ШҚО ТЖД мамандарының жіті назарында.