Семейде су тасқыны бойынша брифинг өтті

Семейде су тасқыны бойынша брифинг өтті

2022 жылғы 28 наурызда ШҚО Семей қаласы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны кезеңінде су басудың алдын алу мақсатында «Су тасқыны кезеңі және оған дайындық» тақырыбында «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, сондай-ақ «Семей қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті».

Брифинг барысында су тасқыны кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, Семей қ. ТЖБ жіргізетін іс-шаралар, ТЖ қаупі туындаған жағдайда іс-шараларды орындау үшін күштер мен құралдарды дайындау талқыланды. Сондай-ақ, спикерлер су тасқыны кезеңінде қала тұрғындарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.