
Көктемнің келуіне қарамастан, Шығыс Қазақстан тауларында жауын-шашын көп болды, күрт жылыну көшкін қаупіне әкеп соғады. Қар ылғалды және ауыр болды. Сондай-ақ, желдің екпіні салдарынан көшкін жинақтарда қар үйіліп қалған, қардың бұл күйінде көшкіндердің өздігінен түсу мүмкіндігі едәуір артады. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері көшкін қаупі туралы ескерту жариялады. Түнде көптеген көшкін жинақтар бар автожолдар жабылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Өскемен-Самар" автожолының учаскесінде қар массасын түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық тас жолдарында 105 шақырымы көшкін қаупі жоғары кезеңде қар көшкінінің әсеріне ұшырады. Нәтижесінде 13 170 текше метр қар түсірілді. Қыс кезеңінің басынан бері облыста барлығы 85 түсіру жүргізілді, 90 000 текше метрден астам қар түсірілді.
Облыс тұрғындарына мамандарға құлақ асып және тауға барудан бас тарту ұсынылады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі