Назар аударыңыз, қар көшкіні!

Назар аударыңыз, қар көшкіні!

ШҚО ТЖД метеорологиялық және қар көшкіні жағдайына, қар түрінде жауын-шашынның түсуіне және желдің күшеюіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін екендігін  ескертеді. Көшкін қаупі 2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында сақталады.

Автожолдардың бойындағы мына 20 ошақ аса қауіпті болып табылады: «Өскемен – Самар», «Өскемен-Зырян», «Өскемен - Таулы Үлбі-Северное», «Катонқарағай – Согорное - Барлық (Печи)», «Катонқарағай-Рахман қайнары», Алтай ауданының «Зубовская» тауы.

ШҚО ТЖД мынаны  ұсынады:

- маршрутқа шыққанда ауа райы болжамын ескеріңіз. Тауға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды;

- жалғыз және тәуліктің қараңғы уақытында жорыққа шықпаңыз. Маршрут пен жоспарлар туралы жақындарыңызға, құтқарушыларға міндетті түрде хабарлаңыз.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

- жартастың, ағаштың артына тығылуға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- көшкінге түсіп, бетінде қалу үшін жүзу қозғалысын жасаңыз;

- қарға батқан  кезде тізеңізді ішке қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

\

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі