ШҚО ТЖД құтқарушылары қоқыс өртенген подъезден 7 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 3-уі бала

ШҚО ТЖД құтқарушылары қоқыс өртенген подъезден 7 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 3-уі бала

Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйде баспалдақ торында жиһаз, қоқыс жанған. Оқиға орнына ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жедел келіп жетті. Өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі мақсатында терезе арқылы 3 кішкентай бала және пәтерлерден 4 тұрғын эвакуацияланды. Эвакуацияланғандарды жылы және жайлы Вахта автокөлігіне орналастырылды.
Өрт 3 шаршы метр алаңда сөндірілді. Жоғары орналасқан қабаттардағы үй-жайлар желдетілді.
Тұтануды жоюға жеке құрамнан 23 адам және 7 бірлік техника қатысты.
Оқиғаның себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және ашық отты пайдаланудың сақтылығы туралы еске салады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі