20-24 наурызаралығында ШҚО-да 10 өртболды.

20-24 наурызаралығында ШҚО-да 10 өртболды.

Құтқарушылар тұрғын үйлердегі 4, пәтердегі 1, дүкендегі және кафедегі, киоскідегі және 2 моншадағы өртті сөндірді.

            Риддер қаласында Семенова көшесі бойынша 3 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан бір бөлмелі пәтерде төсек-орын жабдықтары мен жеке заттары жанып кетті. Өрттің шығу себебі – шылым шегу кезінде ӨҚЕ сақтамау.

            Семей қаласында көп пәтерлі жеке тұрғын үйдің бөлмеаралық қабырға және төбе жабындысының жануы орыналды, өрттің жалпы ауданы 10 ш.м. құрады.

            Өскемен қаласының Ахмер кентінде жеке тұрғын үй ауласында төбе жабындысының ағаш құрылымдары, монша шатыры өртенді, жалпы ауданы 16 ш.м. құрады. Өрттің шығу себебі – жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Осыған ұқсас жағдай Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында Жамбыл көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде веранданың төбе жабындысының, сондай-ақ шатырдың ағаш конструкциялары жанған. Құтқарушылар 150 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.  Пешті дұрыс пайдаланбау себебінен Семейде үйдің шатыры, терезе және есік блоктары, жиһаз, жеке заттар өртенді, өрттің жалпы ауданы 70 ш. м.құрады.

Өскеменде Дробышев көшесіндегі моншада тұрғын үй аумағында оттық үй-жайының төбе жабындысының ағаш конструкциялары, жеке заттар жанып кетті,өрттің жалпы алаңы 20 ш.м. Өрттің шығу себебі- жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Осындай себептен орын алған, Алтай ауданы Чапаев ауылындағы монша мен тауық қора блогының үй-жайында болған өрт сөндірілді.

Өскеменде Қазақстан көшесі бойынша 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафенің үй-жайында тамақ дайындауға арналған үй-жайда жиһаздың ағаш конструкциялары, стеллаждар, тұрмыстық техниканың жанғыш бөлшектері, пластикалық терезе блогы өртенді, жалпы алаңы 5 ш.м. Өрттің шығу себебі – электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезінде ӨҚЕТ сақтамау .

Семей қаласында жеке тұрғын үй аумағында, жеке тұрған азық-түлік дүңгіршегінде сыртқы қабырғаның ағаш конструкциялары, тамақ өнімдері өртенді. Өрттің шығу себебі: электр жабдықтарын пайдалану кезінде ӨҚЕТ сақтамау .

Көкпекті ауданында жеке тұрған бір қабатты дүкенде ағаш шатыр құрылымдары, сондай-ақ үй-жайдың ішінде азық-түлік өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 100 ш.м. өртті сөндірді, өрттің шығу себебі – пешті орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕТ сақтамау .

            ШҚО ТЖД азаматтарға тұрғын үйлер мен объектілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді. Өрттің себебі көбінесе бұзушылықтарды уақтылы жоймау және құтқарушылардың ұсынымдарын сақтамау болып табылады. Отқа өз мүлкін жоғалтпау үшін пештерді, электр құралдарын пайдалану кезінде қырағылық танытуға шақырады.

 

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 

ТЖД баспасөзқызметі