«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының құтқарушылары мен мамандары таулы учаскелерден қауіп төндіретін қарды түсірді

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының құтқарушылары мен мамандары таулы учаскелерден қауіп төндіретін қарды түсірді

«Өскемен-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» автожолы  ауданындағы көшкін қауіпті участок қысқы кезеңде автомобиль жүргізушілеріне қар көшкінінің өздігінен түсуімен қауіп төндірді.  Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Қазселденқорғау» мамандары арнайы түсіру жүргізіп, 4500 текше метр көлемінде қар түсірілді.

«Көктем аса көшкін қауіпті уақыт, сондықтан азаматтар қауіпті орындардан өтіп бара жатқан кезде, аса  мұқият болуы қажет», деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Барлығы облыста қысқы кезеңінің басынан бастап жалпы көлемі 80620 текше метр болатын 81 арнайы түсіру  өткізілді. 
ШҚО ТЖД тауға шықпас бұрын дауылды ескерту бар ма екенін қарап алуды ескертеді. Тұрақсыз ауа температурасында, жел мен қатты жауын-шашында тауда болу қауіпті. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, дауылды ескертулер туралы «Дәрмен» ұялы қосымшасынан біле аласыз.