Катонқарағай ауданында мұзды ұнтақтау жұмыстары жүргізілді.

Катонқарағай ауданында мұзды ұнтақтау жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстандағы су тасқыны кезеңі жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылардың тұрақты бақылауында. Қолайсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Бұл күні жалпы ауданы 25 290 шаршы метр болатын Сенное, Коробиха, Барлық ауылдарының 3 учаскесінде 1756 жарылғыш зат кезең-кезеңімен іске қосылды.
"Мұз кептелісі арнаның тасымалдау қабілетін төмендетеді және өзендерде су деңгейінің күрт және жоғары көтерілуіне әкеліп соғады, бұл үлкен аумақтарды су басуына әкеледі. Егер су тасқыны қаупі бар аудандарда мұзды ұсақтау уақытында жасалмаса, су басу қаупі туындайды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД мамандары.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі