Құтқарушылар жертөлеге құлаған ер адамға және ғимараттың күнқағарында қалған жігітке көмектесті

Құтқарушылар жертөлеге құлаған ер адамға және ғимараттың күнқағарында қалған жігітке көмектесті

Семей қаласында Академик Павлов көшесінде ер адам күнқағардан өздігінен түсе алмады. Жедел көмекке 2-МӨСБ қызметкерлері келді, олар баспалдақтың көмегімен 29 жастағы жігітті қауіпті аймақтан шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
          Белгілі болғандай, жігіт өз пәтеріне осылай кіргісі келген.
         Өскеменде Қазақстан көшесіндегі ер адам жертөлеге құлап, өзі шыға алмады. ШҚО ТЖД құтқару бөлімшесі шақырту орнына келіп, ер адамды "қамаудан"ақырын шығарып алды. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес еді. Денсаулығына зиян келген жоқ.
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын бұзбауға және қырағылық танытуға шақырады.
           Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласыңыз

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі