
Көктем-жылдың ең қауіпті уақыты. Тұрақсыз температуралық фон, жауын-шашын көшкін қаупі бар беткейлердегі қардың ылғалмен қанығуына, ауырлауына және беткейлерден түсіп кетуіне әкеледі. Жүргізілген алдын алу іс-шараларына қарамастан, көшкін қаупті кезең басынан 62370 текше метрлік 65 көшкін түсті. 16 наурызда сағат 08:40 Катон-Қарағай ауданында өздігінен көшкін түсті . Баурайдан бөлінген қар көлемі 2500 шаршы мертрді құрды. Қар массасы Республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолын 436 км шақырымда жауып тастады, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жолды тазарту жұмыстары "Қазақавтожол"ЖШС күшімен жүргізілуде.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары халыққа таулы аудандардағы көшкін қаупі туралы ескертеді. Облыста 16-18 наурызда қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне, температураның көтерілуіне және тұрақсыз қар жамылғысына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Тұрғындар тауға барудан және серуендеуден бас тартуы керек. Көшкін облыстың кейбір автожолдарына қауіп төндіретіндіктен көшкін қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатып өте мұқият болуға және тоқтамауға тиіс.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.