Құтқарушылар үй жануарының иесіне көмекке келді ​

Құтқарушылар үй жануарының иесіне көмекке келді ​

15 наурызда ШҚО ТЖД құтқарушылары мысыққа көмекке келді.

Үй жануары биік ағашқа көтеріліп, қараңғыда бірнеше сағат бойы болып, өздігінен түсе алмаған кезде, оның қожайыны көмек сұрады. ​​

Өскемен қаласының құтқарушылары ағашқа өрмелеп, жануарға көмектесті. Мысықты  иесіне аман - есен табыс етті. ​

 ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ШҚО ТЖД тек адамдарға ғана көмекке келмейді, апта өтпей жатып, төрт аяқты жануарлардың қатысуымен құтқару операциясы да болып жатады.

 Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. ​ ​ ​ ​ ​