
Катонқарағай ауданының 27-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Елдар Мұхтарұлының ерекше хоббиі туралы оның барлық әріптестері біледі.
«Ағаш күйдіруге деген сүйіспеншілікті маған мектеп қабырғасында оқып жүргенімде еңбек пәні мұғалімі баулыды. Содан кейін бұл хоббиді өз бетімен жалғастыра бастадым», - дейді Елдар.
Ағашты шеберлікпен өңдеу кез- келгеннін қолынан келмес, бұл тәжірибе уақыты және еңбек ұқыптылығы. Шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін қолөнер. Осындай ерекше сабақтан кейін Елдар өзінің эксклюзивті коллекциясын шығара бастады. "Мен кесу тақтасынан, оқтау, шам орнытқышынан бастадым. Қазіргі уақытта ұлттық ыдыстарды дайындаймын: астау, тостаған және т.б. негізінен өзіме, жақындарыма, достарыма және әріптестеріме сыйлық ретінде барлығын жасаймын", - дейді азаматтық қорғау кіші сержанты Искаков.
Елдар қызметтен бос кез келген минутты жону станогында өткізуге асығады. Елдар Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысымен қатар, Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясында оқиды. Ол офицер болуды армандайды және өз мақсатына жетеді деген сенімдеміз. Өзінің сүйікті және көрнекті хоббиін ұрпақтарына беруді армандайды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі