
Үш күн бойы ШҚО ТЖД құтқарушыларының оқу-жаттығу жиындары жалғасты. Тарханка ауылының маңында олар таулы аймақта қысқы уақытта өз шеберліктерін шыңдады, сондай-ақ қызметке жаңадан келгендерге іздеу жұмыстары мен өмір сүру ережелерін үйретті. "Оқу-жаттығу жиындары әртүрлі жағдайларда құтқару жұмыстары бойынша мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ тәжірибе алмасу, құтқару дағдылары мен процесін пысықтау, жерсіндіру мақсатында тұрақты түрде өткізіледі. Құтқарушылар кәсіби даярлығын жоғалтпау үшін, ал жаңадан бастаушылар шеберлікті игеруі үшін осындай жаттығулар арнайы Жоспарға сәйкес өткізіледі. Кез келген іздестіру-құтқару құрылымы пәндер мен оқыту айлары бойынша бекітілген жылдық жоспары бар, сондай-ақ оқу - жаттығу жиындарын өткізу кестесі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жоспары бар",-деп ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкері Ерік Бұлғымбаев түсіндірді. Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес, бұл жолы құтқарушылар таулы ландшафт бойынша қозғалу техникасын пысықтады, тауға белгілі бір деңгейге дейін көтерілді, төтенше жағдайларда зардап шеккендерді тасымалдау тәсілдерін меңгерді. Оқу үрдісіндегі ең қызықтысы уақытша жабдықталған орынды құру. Қысқы уақытта уақытша жабдықталған орынды құру кезіндегі ең бастысы-суықтан, желден, ылғалдан қорғану. Қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету маңызды. Уақытша жабдықталған орын үшін орынды жарықта таңдау керек. Егер қысқы уақыттағы уақытша жабдықталған орын желден қалың өсінділермен қорғалған болса, әсіресе шырша орманы болса - жақсы. Таулы аймақта тас көшкініне, көшкінге, селге түспеу үшін жер бедері мен ауа-райының ерекшеліктерін ескеру қажет. Уақытша жабдықталған орынды қырлар астында және тік беткейлерде құруға болмайды. Құтқарушылар шаңғымен 20 шақырымнан астам жолды жүріп, жиындарда қойылған барлық міндеттерді орындады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі