Риддер қаласында жылытқыш өртке себеп болды

Риддер қаласында жылытқыш өртке себеп болды

ШҚО ТЖД мамандарының деректері бойынша әрбір бесінші өрт электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен болады. Жыл басынан бастап өңірде осы себеп бойынша 201 өрт тіркелген.

Сондай-ақ, Риддер қаласындағы Базарная көшесінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. 1-МӨСБ өрт сөндірушілері келген кезде екі үй иесіне тиесілі үйде төбелік жабындардың, терезе блогының, еденнің ағаш құрылымдары, теледидардың жанғыш бөлшектері мен жеке заттар жанып жатты. Құтқарушылар 5 ш. м. алаңдағы өртті жедел түрде жойды.

Өрттің себебі болып электр жылытқышты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау табылады. Белгілі болғандай, үй иелері жылытқышты қосып, үйден кетіп қалған, құрылғыдан өрт бірден тарала бастады.

ШҚО ТЖД ескертеді: кез - келген электр құралын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл жағдайда құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген ток талаптарына ерекше назар аударыңыз. Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бірден бір розеткаға қоссаңыз, жүктеме желі үшін шамадан тыс болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі электр сымдары бар ескі үйлерге қатысты. Егер осы немесе басқа құрылғыны қосқан кезде жарық сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелуінің нақты белгісі. Бұл-өрттің жаршысы. Үйден шыққан кезде жылытқыштарды желіде қалдырмаңыз-бұл өрт қауіпті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі