
Өткен көктемде ШҚО ТЖД құтқарушылары Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында кент тұрғындарын еріген су басқан үй маңындағы аумақтардан эвакуациялады. Су 10-нан 30 сантиметрге дейін көтерілді. Мектепте және әкімдікте эвакуациялық пункттер жұмыс істеді. Ағымдағы жылы осындай шұғыл жағдайды болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен шамамен 1 млн 400 теңге қаражат бөлді. Нәтижесінде Жура өзенінің арнасын тереңдету және Новопопровка-Петропавловка автотрассасының автомобиль көпірінен бастап Әуезов атындағы орта мектебіне дейін Гагарин және Береговая көшелеріндегі еріген қар суының тасуын болдырмау мақсатында жағалауда топырақ үйінділерін жасау бойынша жұмыстар орындалды. Су басу қаупі бар аймақта 39 үй мен 90 тұрғын бар. Ауылда шамамен 60 жыл тұратын Анатолий Романовтың айтуынша, биыл жасалған үйінді Гагарин мен Береговая көшелерімен судың өтуіне мүмкіндік бермейді, ал қазылған ор ауылдың батыс бөлігінің тұрғындарын қорғайды. Қазіргі уақытта су тасқынына елеулі дайындық жүргізілуде және Семей қаласында жергілікті атқарушы органдардан, құтқарушылардан басқа алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды. Әскери бөлімнің күштері мен құралдарын топтастыру су тасқыны қаупі бар аймақтарда: Ертіс ауылдық округінде, Восточный кентінде және Бейбітшілік аралында кең ауқымды жұмыс жүргізеді. Жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға қар тазалау және арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазалау және су бұру арналарын орнату бойынша көмек көрсетеді. Су басу қаупі бар Мұқыр ауылында 23 үй бар және 77 адам тұрады, жалпы ұзындығы 60 метр болатын қоршау бөгеті орналасқан жерлерде нығайту жұмыстары жүргізілді.Восточный кентінде ұзындығы 60 метр, ені 5 метр жол төсемі салынды, сондай-ақ инертті материалдарды: саз бен қиыршық тасты жеткізу бойынша 12 рейс жүргізілді, Қамыстардан су бұру арналары тазартылды. "Затон" ауданында 3-тья Лодочная көшесінде мотопомпалардың көмегімен су сору ұйымдастырылды. Көпес көпірінде әскери қызметшілер су бұру арналарын тазалады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмыс барысында 385 метр арық жүйесін мұздан және 650 метр қамыстан тазартты, 65 метр жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, 195 метр су бұру арналары тазаланды, 120 метр жол төсемі төселді, 40-тан астам рейске инертті материал (саз, қиыршық тас) жеткізілді және 300 литр еріген қар суы сорылды. Жоғарыда аталған іс-шараларға барлығы 214 әскери қызметші мен 41 техника жұмылдырылды. Айдар Қайдар 68303 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері қызметінде 5 айға жуық уақыт болды және жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге тікелей қатысты, оның пікірінше, халыққа және оның әріптестері үшін осындай жұмыстар кешенін жүргізуге көмектесу маңызды әрі жауапты міндет. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі