
12 наурызда Протозанов көшесінде 9-қабаттағы пәтер өртенген. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін үш жігіт жақын жерде кездейсоқ болып, пәтерден шыққан қою түтінді көріп, балконның карнизінде ілініп тұрған әйелді байқап қалады. Берік Сағымбаев, Дарын Жәнібеков, Бектемір Әлібеков ойланбастан көмекке жүгірді. Подьездге жүгіріп кіріп өрт шыққан жерден төмен орналасқан көрші пәтерге көтеріліп, балконға шығып, соңғы минутта Берік Сағымбаев әйелді ұстап қалды. Оған достары Дарын және Бектемір көмектесті. Медициналық колледжде оқып жүрген Дарын, жылап, қатты қорыққан әйелге алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін олар үшеуі кіреберістің пәтерлерін аралап, тұрғындарға өрт туралы хабарлап, үйден шығу қажеттігін айтқан. Достар бәрін дұрыс және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасағанына көз жеткізгеннен кейін, олар өздері туралы ешқандай ақпарат қалдырмай, өз істеріне асығып кетіп қалған. Бір күннен кейін ШҚО ТЖД құтқарушылары батырларды тауып, қазіргі уақытта оларды марапаттау туралы құжаттар дайындауда. Жігіттер нағыз батырлар, олардың әрекеттерінің арқасында адамдардың өмірі құтқарылды және адамдарды эвакуациялау жедел ұйымдастырылды. Берік Сағымбаев ЖК, Дарын Жәнібеков, медколледж студенті, Бектемір Әлібеков - "Өскемен жылу жүйелері" АҚ қызметкері. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі