Құтқарушылар мен волонтерлердің бірлескен жұмысы

Құтқарушылар мен волонтерлердің бірлескен жұмысы

ШҚО ТЖД-да волонтерлердің ШҚО бойынша фронт-офисі басшысының орынбасары Данияр Жүнісовтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Іскерлік кездесуде құтқарушылар мен еріктілердің өкілі азаматтық қорғау органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді талқылады.

Бүгінгі таңда Департамент 49 волонтерлік ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, олардың 22-сі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Волонтерлік ұйымдар өрттің алдын алу, ТЖ алдын алу, рейдтік іс-шараларға, біржолғы акцияларға қатысу сияқты профилактикалық іс-шараларды өткізуде негізгі көмек көрсетеді.

Азаматтық қорғау саласындағы жемісті ынтымақтастық үшін ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД ресми сайтында азаматтық қорғау органдарында волонтерлік қозғалысты одан әрі тіркеу үшін өтінім беру мүмкіндігі бар.

Осылайша, мемлекеттік өрт бақылау желісі бойынша жыл басынан бері волонтерлік ұйымдармен бірлесіп 100 аула аралау жүргізілді, онда 1607 адам қамтылды, халықпен 13 жиын және «тәуекел тобына» жататын тұлғалар арасында 22 рейд өткізілді. 205 оқушыны қамтумен 13 ашық сабаққа қатысты. 2021-2022 жж. жылыту маусымының басынан бастап барлық аудандарда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп акция шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар арасында бірқатар қайырымдылық жұмыстарын жүргізді.

Нәтижелі кездесуде әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде халықтың мінез-құлық мәдениетін арттыруды жалғастыру, ШҚО волонтерлерінің фронт-офисімен бірлесіп Азаматтық қорғау саласында оқытуды ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен бірыңғай нысанды сатып алу мәселесін пысықтау және волонтерлер тізілімін жасау шешілді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі