Құтқарушылар КӘУЗ шығуымен болған шартты аварияны жойды

Құтқарушылар КӘУЗ шығуымен болған шартты аварияны жойды

Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аясында Өскемен қаласының құтқарушылары химиялық қауіпті объектіде шартты авария болған кездегі іс-әрекетті жасады.

         Аңыз бойынша қаланың бір кәсіпорнында машина цехының компрестейтін құрылғысына аммиак беруге арналған, магистральды құбырдың жарылуы туралы сигнал келіп түсті. Қауіпті химиялық бұлттың тарау қаупі туындады. Ең біріншіден, химиялық қауіпті объектінің авариялық-техникалық командасы арнайы комбинезондарды және тыныс алу жолдарын жеке қорғау құралдарын қолданып, зақымданған участокты өшіреді. Сол сәтте, ТЖ орнына өрт сөндіру есебі қорғаныш костюмдерімен және ТЖЖҚҚ келіп, машина залына қызмет көрсететін, қауіпті жайда қалып қойған қызметкерді эвакуацтялауды жүргізеді. Зардап шегушіні Медицина апат орталығы бригадасына медициналық көмек көрсету үшін тапсырады.

         Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері төгілген аммиакты мол сумен шаюды жүргізеді.

         Жаттығудың қорытынды кезеңінде, кәсіпорынның авариялық-техникалық командасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

         «Жаттығу авария кезінде ықтимал қауіпті объектінің және құтқару қызметтерінің өзара іс-әрекеттерін жақсарту үшін жасалған, сонымен қатар облыс орталығы аумағында ТЖ туындаған кезде қалыптасқан жағдайды бағалау бойынша іс-әрекетті талдау жүргізілді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД аға офицері Валентин Литвиненко.

 

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі