
11 наурыз күні Алтай ауданы Зубовск кентінде Буқтырма өзеніндегі мұз кептелістерді болдырмау мақсатында жарылыс жүмыстары өткізілді. 1238 кг жарылыс материалдары пайдаланылды. Қауіпсіздік үшін ШҚО ТЖД қуткарушылары, жергілікті атқарушы органдары мен полиция қызметкерлері жумылдырылды.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 6 кептеліс қаупі бар учаскелерде жұмыс жасалынып, жарудың жалпы ауданы 52110 шаршы метр құрды.