
Өскемен қаласының оқу орталығының базасында Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 42 тыңдаушы, өрт сөндірушілер мен қайта даярлау жүргізушілері кәсіби бастапқы дайындық санаты бойынша оқытудан өтуде. Дәстүр бойынша, Оқу орталығының тыңдаушылары алғашқы өрт дайындығынан басқа, болашақ құтқарушылар адамгершілік және патриоттық тәрбие негіздерін игеруде.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің аумағында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтары қойылды.
Іс-шараға ШҚО ТЖД басшылығы шақырылды. ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Орынбеков Руслан Нұрланұлы, өз кәсіби жолын бастаған жас қызметкерлерге сөз сөйледі.
Оқу орталығының бастығы Қайрат Токсеитовтың айтуынша, "Патриоттық тәрбиені кәсіби борышын өтеу кезінде жанын қиған, адамдарды аман алып қалған қызметкерлердің рухына тағзым етпей елестету мүмкін емес. Бұл оқу-тәрбие процесінің жалпы заңдылығын көрсетеді, оның өзегі тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі іс-шараның мақсаты, білім алушылардың бойында патриоттық сезім мен өзіндік сана-сезімді, азаматтықты, жауапкершілікті, қоғамға қызмет етуге және оны қорғауға даярлықты қалыптастыру болып табылады".
Өскемен қ. Оқу орталығы