Құтқарушылар жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушіге көмекке келді

Құтқарушылар жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушіге көмекке келді

Бүгін "Алматы-Өскемен" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде " Mercedes "және" DAF "жүк көліктері соқтығысып қалған. Соққы Mercedes жүргізушісінің жағына тура келген , ол қираған көлікке қысылып қалған еді.
Оқиға орнына жедел түрде күре-жолдық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері мен құтқарушылар жібелген.
Бірінші болып КМҚП командасы келді, олар арнайы құралдың көмегімен жүргізушіні алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. 1992 жылы туған ер адам,
есін жоғалтпаған, бірақ халі ауыр болған. ТЖ қызметінің қызметкерлері зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті.
Соқтығысқан автомобильдердің басқа жолаушылары зардап шеккен жоқ.
ШҚО ТЖД қыс уақытындағы жол қателіктерді кешірмейді, сондықтан жылдамдық режимін, қашықтықты сақтау және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттінін еске салады.
ТЖ туындаған жағдайда "112"қоңырау шалыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі