
Аягөз ауданы Қошқарбаев көшесі бойындағы жеке тұрғын үй аумағында жалпы ауданы 20 шаршы метр болатын шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Риддер қаласында Ташкент көшесі бойынша жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш конструкциялары, төбе жабындары, қабырғалар, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар өртенді. 1-МӨСБ өрт сөндірушілері жалпы ауданы 50 ш.м. жалынды сөндірді өрттің алдын ала себебі – жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Семей қаласында саяжай учаскесінің аумағында ауданы 40 шаршы метр тұрғын емес жеке үй және бір шатыр астындағы гараж өртенді. Өрт сөндірушілер өртті жедел сөндірді.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. ШҚО ТЖД мамандарының ұсынымдарын назардан тыс қалдырмау және бұзушылықтарды уақтылы жою. Ақаулы пештерді пайдалануға жол бермеу және мұржаларды уақтылы тазалау
ШҚО ТЖД мамандары өз мүлкі мен өмірін сақтау үшін келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:
- егер сіз жанудың иісін сезсеңіз, түтін немесе отты көрсеңіз дереу өрт сөндірушілерді шақырыңыз;
- көршілерге өрт туралы ескертіңіз;
- тез арада үй-жайдан шығыңыз, бұл ретте тыныс алу ағзаларын дымқыл шүберекпен жабыңыз, ол арқылы тыныс алыңыз;
- егер шығу жолдары отпен кесіліп тасталса, балконға шығуға тырысыңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып, көмекке шақырыңыз;
- өрттің алдын алу үшін электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасы ережелерін сақтау, сондай-ақ отты пайдалану кезінде абай болу қажет.
Өрт шыққан жағдайда "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.