Глубокое ауданының өрт сөндірушілері 40 шаршы метр алаңда тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Глубокое ауданының өрт сөндірушілері 40 шаршы метр алаңда тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Глубокое ауданының Верх-Березовка кентіндегі Алтай көшесі бойында 1955 жылы салынған жеке тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар келген сәтте жалпы ауданы 40 ш.м. қабырғалардың, төбелік жабынның ағаш конструкциялары, жиһаз, жеке заттар өртенген. Өрттің алдын ала себебі- отпен абайсыз болу

ШҚО-да 55-тен астам өрт 2022 жылдың басынан бастап жоғары да көрсетілген себептер бойынша орын алған.

ШҚО ТЖД естеріңізге салады:

Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.

ШҚО ТЖД статистика көрсетіп отырғандай, барлық өрттердің 46% - ы өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейтін немесе орындауға жауапсыз қарайтын адамдардың кінәсінен туындайтындығын мәлімет үшін жеткізеді.

Тұрмыста өрт болу ықтималдығын азайтуға әбден болады. Ол үшін - қарапайым сана-сезім, сонымен қатар бұл мәселеде әр адамға қаншалықты байланысты екенін нақты түсіну.

Өрттің алдын алу үшін бірнеше қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн: ашық отты қалдырмаңыз – жанып тұрған шырақтарды, жылыту ошақтарын, алауларды – қараусыз қалдырмаңыз; ашық отты тез тұтанатын материалдардан алыс ұстаңыз; төсекте және жату жағдайында, шаршаған күйде немесе алкогольдік масаң күйде темекі шекпеңіз; сіріңкелерді балаларға қолжетімді жерде қалдырмаңыз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі