Волонтерлерді оқытамыз

Волонтерлерді оқытамыз

ШҚО ТЖД мамандары мен Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы ШҚО ТЖД оқу орталығының базасында волонтерлерді төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелеріне оқытуды бастады.

"Волонтерлер-құтқарушылар кәсіби құтқарушылармен бірге өрттерді сөндіреді, жоғалып кеткендерді іздейді және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмектеседі, сондықтан оларға қауіпсіздік шаралары мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері бойынша білім базасын беру маңызды", - деп атап өтті ҚР Қызыл Ай қоғамының ШҚ филиалы басшысы Арай Әбілғалимова.

Барлығы шамамен 70 адам оқытылды.

Волонтерлерге оқыту курстарында құтқарушылар мен Қызыл Ай қоғамының мамандары алғашқы көмек көрсету ережелерін, іздеу жұмыстарын жүргізу және адамдарды эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік тактикасын үйретеді.

Еріктілер - волонтерлер барлығын шын жүректен жасайды және шұғыл жағдайда адамдарға шын жүректен көмектеседі. Қоғамдық жұмысқа белмене араласу оларға жаңа білім беріп қана қоймай, тәжірибе мен жағымды әсерлер сыйлайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі