Семейде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Семейде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Ертіс өзеніндегі мұз қалың жерлерде мұз кептелісі мен көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жарылады. Сондай-ақ, зарядтар өзен тарылып немесе арнаны күрт өзгертетін жерге қойылады. Осы мақсатта 2022 жылдың 5 наурызында Ертіс өзенінің Мирный кенті ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында мұзды жару бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жарылыс жұмыстарын "Kaz Explo Service" ЖШС қызметкерлері жүргізді, олар мұзда 1 метр тереңдікке дейін 350 дана мөлшерінде дайындалған тесіктерге салынған зарядтарды пайдаланды. Осы учаскедегі қауіпсіздікті Семей қ.ТЖБ және ПБ қызметкерлері қамтамасыз етті.