Шығыс Қазақстанда "Көктем-2022" РКШО қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстанда "Көктем-2022" РКШО қорытындысы шығарылды

         2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында Қазақстанның барлық аумағында "Көктем-2022" Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өтті, оның тақырыбы "2022 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" болды.

Шығыс Қазақстанда құрылған өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардан штаб құрылып, су тасқынына байланысты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде келіп түскен барлық дабылдар мен іс-қимылдарды пысықтады.

2 күннің қорытындысы бойынша оқу-жаттығуларға толық талдау жүргізілді, құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығына баға берілді, төтенше қызметтердің жұмысын одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

          Ағымдағы жылы су тасқыны зардаптарының алдын алу және азайту мақсатында практикалық іс-шараларды өткізуге басты назар аударылды.

Жергілікті атқарушы органдармен 299 мың текше метр қар шығарылды, 360 км арықтар мен каналдарды тазалау және тереңдету, авто және темір жолдардағы 1820 су өткізу құрылыстарын, 438 автомобиль көпірлері тазалау жұмыстары жүргізілді, 57 км су бұру каналдары орнатылып, 99 мың дана қап, 6,4 мың тонна инертті материал мен 690 тонна ЖЖМ дайындалды. 7 ауданда (Семей қаласы, Алтай, Бородулиха, Бесқарағай, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары) наурыз айында Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде мұзды жару бойынша алдын алу жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі уақытта облыстағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Облыста қар еру үрдісі байқалады, қар басқан аумақтың ауданы 96% құрайды.

Өткен жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасы шеңберінде жалпы сомасы 162 млн.теңгеге 11 іс-шараны толық көлемде іске асырылды, бұл 11 елді мекеннің қорғалу деңгейін қосымша арттыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы тағы 13 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

Облыс аумағындағы жағдайға мониторинг жасау  үшін бірыңғай ақпараттық чат іске қосылды. Тұрғындарға су тасқыны кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеттері бойынша 17 мың жадынама таратылды. Болжамға сәйкес, наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы нормадан 2° - -7+1°С жоғары болады деп күтілуде (норма: -1-9°с). Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шегінде болады деп болжануда