
Аэровизуалды зерттеу Өскемен-Көкпекті, Катонқарағай аудандары, Алтай ауданы, Риддер қаласы, Глубокое ауданы бағыты бойынша жүргізілді.
Ұшу барысында Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Күршім, Бұқтырма, Үлбі өзендерінің арналары қаралды.
- Гидрологиялық жағдай тұрақты, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель. - Өзендердегі су деңгейі шекті деңгейден төмен. Облыс аумағында қар еру кезеңі басталады. Қар жамылғысының ауданы 96% құрайды.
Қар жамылғысының биіктігі 4-тен (Абай ауданы) 94 см-ге дейін (Күршім ауданы (Марқакөл қорығы). Бұл ретте топырақтың қату тереңдігі 30 см-ден (Риддер қ.) 150 см-ге дейін (Бесқарағай ауданының Семияр ауылы) құрайды. Бір метрден астам топырақтың қатуы облыстың 7 ауданында байқалады: Бесқарағай (150 см), Катонқарағай (133 см), Абай (121 см), Тарбағатай (115 см), Ұлан (115 см), Бородулиха (107 см), Зайсан (103 см) аудандары.
Облыс аумағында жедел штабтар құрылып, жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде.
Өзен бассейндеріндегі қар қоры орташа көпжылдық көрсеткіш деңгейінде. 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде жалпы сомасы 162 млн.теңгеге 11 іс-шара толық көлемде іске асырылды. Жалпы облыс бойынша алдын алу іс-шараларының кешені 108 ықтимал қауіпті елді мекеннің 14 елді мекенінің қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл ретте қауіп жойылған елді мекендердің саны 20-ға жетті және 69-ы үшін барынша азайтылды.
Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынына дайындық аясында аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде (220 мың м3), каналдар мен арықтарды (200 км), автомобиль (1191) су өткізу құрылыстары мен көпірлерін тазалау (213), инертті материалдар қоры дайындалды (6 мың тонна), 85 мың дана қап дайындалды. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда жергілікті күштер мен құралдар жұмылдырылады