
Шығыс Қазақстан облысындағы "Өскемен - Серебрянка - Рахмановские ключи" автожолының лавиносборларында желдің салдарынан қар көп жиналды. Аумақты қорғау үшін "Қазселденқорғау" қызметкерлері көшкіндердің алдын алу шараларын жүргізді.
2320 текше метр қар массасы тасталды. 59-65 км аса қауіпті учаске тазартылды.
ШҚО ТЖД таудағы демалыс әуесқойларына сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді.
"Тауға шығу кезінде тіркеліңіз, алдағы екі тәулікке күтілетін ауа райы болжамымен танысыңыз, және, әрине, өзіңізбен бірге барлық қажетті құрал – жабдықтар, керек-жарақтар, жылы киім, азық-түлік және тауда қажет нәрсенің бәрі бар, егер сіз қауіпті күтетін болсаңыз, онда дайын болуыңыз керек", - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.
Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі күні жалпы көлемі 48 220 текше метр болатын 58 түсіру жүргізілді.