ШҚО өрт сөдірушілері бір тәулік ішінде 4 өртті сөндірді және автокөліктің өртенуіне жол бермеді.

ШҚО өрт сөдірушілері бір тәулік ішінде  4 өртті сөндірді және автокөліктің өртенуіне жол бермеді.

Өскенмен қаласында Меновное кентінде Керуен көшесі бойынша жеке меншік екі қабатты тұрғын үйде шатырдың ағаш құрастырмалары, қабатаралық жабындылар, қабырға қаптаулары, терезе, есік блоктары, жеке заттар жанған, өрт аумағы 34 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – пешті  пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

         4 наурызда 6 сағат 44 минутта Семей қаласы Ақмола көшесіндегі жеке меншік тұрғын үйдің ауласында  жиналған отын жанған, көлемі 3 куб.м. От гараж шатырының ағаш құрастырмаларына және шаруа құрылысы шатырының ағаш құрастырмаларына тараған. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Құтқарушылар гараждан 2004 жылы шығарылған, ВАЗ-21099 маркалы автокөлікті дереу алып шықты. Шұғыл әрекет арқасында көлікке өрт таралған жоқ. Өрттің шығу себебі  - отты абайсыз қолдану.

         Алтай аудыны Набережная көшесіндегі жеке меншік тұрғын үйдің ауласында гараж қабырғасының ағаш құрастырмалары жанған., аумағы 24 ш.м. құрады, сондай-ақ гараж ішіндегі 1992 жылы шыққан «Ниссан Премьера»  автокөлігі жанды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

         Серебрянск қаласында Коммунальная көшесі бойынша қолданыстағы емес құрылыстың қабырғасының ағаш құрастырмалары, шатыр жабындылары жанды. Өрт сөндірушілер 100 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі  - отты абайсыз қолдану.

         ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігі туралы ескертеді.

         Үйде, пәтерлер мен гараждарда өрт  сөндіру құралы болу қажет.

Өрт болған жағдайда 101 және 112 нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет.