
Бергенова Диана 10 жылдан артық қызықты хоббимен айналысады. Төтенше жағдайлар жүйесіндегі қызметінен бос уақытында ол қолөнермен айналысады, «Ақ жол» тігеді.
«Мен бала күнімнен сурет салғанды ұнатамын, менің осы қызығушылығым қазір осындай хэнд-мейдке айналды. Хоббиіммен жұмыстан бос уақытта айналысамын. Мен «101» қызметінде 8 жылдан артық уақыт қызмет атқарамын. Жақсы матаны, негізінен фетрді таңдаймын. Себебі ол формасын жақсы сақтағандықтан, бұйым жақсы шығады. Өз жұмыстарымды таныстарыма, достарыма, туыстарыма сыйлаймын. Бұл негізінен 1 жаста тұсау кесу, қыз ұзату сияқты іс-шаралар кезінде қолданылады»,- деді Диана.
Азаматтық қорғау капитаны Бергенова 10 жыл ішінде 30-дан артық бұйым дайындаған.
Хобби – адамның бос уақытында айналысатын сүйікті ісі. Шығармашылықпен айналысатын адамдар әрқашан өздерін жан-жақты жетілдіріп отырады. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытудың тамаша тәсілі, сондықтан Диана әріптестеріне «трендте» болуға, өзіне және өз қызығушылықтарын дамуға уақыт бөлуді ұсынады