ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мұзды жару жұмыстары басталды

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мұзды жару жұмыстары басталды

Шемонаиха ауданында мұз жару бойынша операциялар өтті. Осылайша ШҚО ТЖД құтқарушылары кептеліс болуы мүмкін учаскелерде су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жарылыс орны кездейсоқ таңдалмаған. Уба өзенінде тасқын сулардың өтуі кезінде  - мұз кептелісіне байланысты қиын жағдайлар туындайды, бұл жағалаулардың су басуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар мен жарғыш- мамандар алдын ала мұзды ұсақтайды.

       Олар алдымен арнайы шұңқырлар қазады. Біреуіне шамамен бес минут уақыт кетеді. Жарылғыш заттарды қалау құпия процесс. Жарылғыш заттарды салу жүргізілетінін тек мамандар ғана біледі,  олар қауіпсіздік мақсатында жұмыс орнына бөтен адамдарды жақындатпайды. Жоғарыда көрсетілген аудандарда мұзды жару жұмыстары жүргізілген жерлерде өзендердегі мұздың қалыңдығы 80 сантиметрді құрады. Ұсақтау нәтижесінде 10 000 шаршы метрден астам жер қамтылды. \

        Жалпы Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.

   Осы күні жарылыс жұмыстары Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында, 2022 жылғы 4 және 5 наурызда Верх-Уба ауылында және Семей қаласында жоспарланған.