Семей қ. ТЖБ қызметкерлері интерактивті сабақтар өткізді

Семей қ. ТЖБ қызметкерлері интерактивті сабақтар өткізді

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде, сондай-ақ балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен құтқарушылардың қызметі туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 02 наурызда Семей қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері оқушыларға Онлайн режимінде «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» және «Балалардың отпен ойнауы – өрт себебі» тақырыптарында интерактивті сабақтар өткізді.

Интерактивті сабақтарды өткізу алдын алу жұмыстарының және балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдарға үйретудің тиімді әдісі болып табылады, өйткені ол қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерімен бір уақытта сабақ өткізуге және көптеген оқушыларды қамтуға мүмкіндік береді.

Азаматтық қорғау бөлімінің офицері капитан Асқаров Димаш Николаевич балаларға азаматтық қорғаныстың тарихы және оның құрылу себептері туралы айтып берді.

Содан кейін өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Енкебаев Самат Сериккалиевич сабақты жалғастырып, барлық тыңдаушыларды өрт туындаған кездегі негізгі қағидалармен және іс-қимылдармен таныстырды, сондай-ақ шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерімен таныстырды

Интерактивті сабаққа қаланың 60 мектебінен 1480 оқушы қатысты.