Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Көкпекті аудандық әкімдігінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сала мамандарымен жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларымен комиссия отырысы өткізілді.
Отырыста:

  1. Қыс-көктем кезеңіндегі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстар,
  2. Азаматтық қорғаныш құрылыстарының жай күйі туралы,
  3. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру үшін
    қажетті материалдық қосымша жабдықтау.
  4. Ауылдық округтер бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу
    бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
  5. Гидротехникалық құрылғылар және облыстық маңызы бар автомобиль
    жолдарының көпірлері мен су өткізгіш құбырларының қардан тазалануы
    бойынша
  6. Самар, Миролюбовка және Койгелді Аухадиев атындағы ауылдық
    округтарындағы көктемгі су тасқынының алдын-алу бойынша
    атқарылған жұмыстары туралы.
  7. Шұбарқайың ауылындағы «Карповка» суқоймасының су өткізгіш
    кұбырын кеңейту, инертті материалдарды жеткілікті мөлшерде жеткізу
    және көктемгі су тасқыны кезінде кезекшілікті ұйымдастыру бойынша.

Осы және басқа да маңызды сұрақтар бойынша баяндама жасалды. Отырыс соңында комиссия төрағасы, ауыл әкімдері мен жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, мерзіміне сәйкес атқарылатын жұмыстардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.