
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге орай "Азаматтық қорғаныс және аппаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс; еріктілердің рөлі және пандемияға қарсы күрес" ұранымен Семей қ. ТЖБ, Өрт-техникалық орталығында, сондай-ақ Семей қ. жасақ бөлімшелерінде Ашық есік күні өткізілді.
Оны өткізу кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған авариялық-құтқару техникасы, жабдықтар мен қажетті жарақтар көрсетіліп, экскурсия өткізілді. Аталған іс-шараға "Н.Чернышевский атындағы № 1 орта білім беру мектебі" КММ, «№ 16 орта білім беру мектебі" КММ оқушылары, сондай-ақ Семей қаласының тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, қонақтар өрт күзеті мұражайына барып, Семей қаласының азаматтық қорғау және өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен танысты. ШҚО-ның өрттен құтқару спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы Игорь Иванович Ильичовтің жеке қорынан алынған өрт сөндіру каскалары мен фуражкаларының экспонаттарымен, сондай-ақ жауынгерлік киім топтамасымен танысты.
Экскурсияға қатысушылар экспонаттарды тамашалап, құтқарушы болудың қандай екенін сезіне алды.
Экскурсия соңында келушілер құтқарушыларға қиын еңбегі үшін алғыстарын білдірді!